Катарда өтіп жатқан ірі халықаралық Ajyal Film Festival кинофестивалінде қазақстандық Алина Мустафинаның туындысы жүлдеге ие болды. “Андер” – Алинаның сүтке аллергиясы бар ұлы туралы түсірген деректі фильмі. Қысқаметражды фильм премьерасы 21 қарашада, марапаттау рәсімі 23 қарашада өткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Картинаны Алина деректі кино зертханасы жобасы аясында “Оскар” номинанты Рити Панхпен бірге түсірген. Туынды күрделі тағамдық аллергияға қарамастан, еркін өмір сүріп жатқан 5 жасар баланың оқиғасын баяндайды.
Қазір Алина отбасымен бірге Катарда тұрады.