Танымал PR-маман Ринат Балғабаевтың тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтерген “Беги” деректі фильмі көрерменге жол тартты. Туынды тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының шынайы оқиғасын баяндайды
Фильм анықтамасында: “Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы ерекше орын алады. Жүздеген мың әйел мен балалар үй тиранынан зардап шегуде. Кейбірі бұл мәселеге қалыптасқан отбасылық қарым-қатынастың дәстүрлерін кінәлайды, енді бірі заңнаманың жеткілікі деңгейде болмауын және жазаның әлсіз шараларын айыптайды. Қоғам бұл проблемаларды шешіп жатқанда, әйелдер мен балалар мүгедек болып, өледі. Қатыгез шеңберден қалай шығуға болады? Неліктен әйелдер көніп жүр? Мұндай жағдайларда қайда бару керек? Біз бұл фильмді осы мәселерді түсінуге тырыстық”, — деп жазылған.
Сондай-ақ, фильм авторлары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда көмек көрсететін ұйымдардың байланыс нөміері мен нұсқамасын қалдырған.
“Беги” деректі фильмін Ринат Балғабаевтың Youtube арнасынан көруге болады.