Роликтен бірінші маусымның үзінділерін көре аламыз. Netflix видеоға Санта-Клаустың тымағы, жылтырақ шамдар, қар ұлпалары сияқты жаңа жылдық эффектілер мен мерекелік әуен қосып монтаждаған. Соның әсерінен роликтегі Ведьмак өз тағдырынан емес, жаңа жылдық демалыстан қашып бара жатқандай көрінеді.
Сериал 2019 жылғы желтоқсанда жарыққа шыққан болатын. Туынды ведьмак-мутант Геральттың тағдырын баяндайды. Көпшілік қызығып тамашалаған сериалдың екінші маусымы 2021 жылы жарыққа шықпақ.