Collider баспасының хабарлауынша, актер Ченнинг Татум режиссерлер Фил Лорд пен Крис Миллердің фильміне түспек. Universal қолға алған жаңа жобаның атауы әзірге құпия болып отыр.
Әзірге тек триллер мен комедия элементтері аралас құбыжықтар туралы фильм болатыны белгілі.
Ченнинг Татуммен жоба жетекшілері Фил Лорд пен Крис Миллер “Мачо и Ботан” фильмінде бірге жұмыс істеген.
Жаңа туындының түсірілімі 2021 жылға жоспарланып отыр.