Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

«Ақын» фильмі Sintra Film Festival 2022 (LEFFEST) кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды

by Opa Media
22.11.2022
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Режиссер Дарежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі 10-20 қараша аралығында Португалияда өткен Lisbon & amp Sintra Film Festival 2022 (LEFFEST) кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, «Ақын» фильмі технологияның даму дәуірінде түсініксіз және маңызды емес болып қалудан қорқатын ақын туралы баяндайды. Кино сценарийі неміс жазушысы Герман Гессенің «Авторлық кеш» әңгімесіне негізделген. Таспаның түсірілімі Алматы, Алматы облысы және Атырауда өткен. Басты кейіпкерді белгілі әнші және музыкант Ердос Қанаев сомдаған.

Айта кетейік, фильмнің әлемдік премьерасы 2021 жылы Жапониядағы 34-ші Токио халықаралық кинофестивалінің басты байқауында өткен еді. Онда «Ақын» фильмі «Үздік режиссура» үшін марапатталды. Бразилиядағы Olhar de Cinema халықаралық кинофестивалінде «Үздік фильм» сыйлығын жеңіп алған болатын. Осы жылдың басында «Ақын» фильмі Германиядағы 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінде байқаудан тыс көрсетілді.

Ал Қазақстанда картина биылғы сәуір айында шектеулі прокатқа шығарылды. 14 желтоқсаннан бастап Франция кинотеатрларында прокатқа шығатыны белгілі болып отыр.

Tags: Lisbon & amp Sintra Film Festival 2022 (LEFFEST)ақын фильм

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС