Netflix Әмір Темір туралы көркем фильм түсіреді. Бұл фильм Өзбекстан, Қазақстан және АҚШ бірлескен өндірісінің нәтижесі болмақ. Түсірілім жұмыстарының басым бөлігі Өзбекстанда, түсіру процесінің бір бөлігі, негізінен экстерьер, Қазақстанда өтеді.
«Әмір Темірдің тарихын айтып, оны батыстық аудиторияға қызықты ете аламыз деп сенемін. Жергілікті әңгімелер қазір барған сайын танымал болып келеді және мен біздің фильмнің Батыс пен Шығыс аудиториясы арасында көпір орнатуға көмектескенін қалаймын», — деді американдық режиссер Джейкоб Шварц.
Nomad Stunts Team баспасөз қызметінің хабарлауынша, фильм түсірушілер жобаға қазақстандық мамандарды – операторларды, костюмерлерді, әкімшілік қызметкерлерді тартуды көздеп отыр. Каскадерлік координатор Nomad Stunts тобының негізін қалаушы, каскадерлік шебері Оскар Жайдарбек Күнғожинов болады.