Америкалық HBO арнасы «Эйфория» (Euphoria) сериалының екі арнайы эпизод трейлерін ұсынды.
Алғашқы сериясы «Ру: бірінші бөлім» деп аталады.
“Эйфория» сериалының бірінші маусымыпремьерасы былтыр өткен. Жасөспірімдер сериалы күйзелісті жүрген, есірткіге тәуелді Ру Беннеттің өмірі, сондай-ақ, оның трансгендер қыз Джулспен романы туралы баяндайды. Бас кейіпкер Рудың рөлін танымал актриса Зендея ойнап, жақында Эмми премиясын ұтып алды.
Сериал көптің көңілінен шыққандықтан, бірінші маусым бітпей жатып, екінші маусым шығатыны мәлім болды. Бастапқыда жаңа маусымның премьерасы 2021 жылға жоспарланған, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты түсірілім әзірге тоқтап тұр.
Сериал авторлары жаңа жылға арнап, жанкүйерлеріне екі арнайы эпизод шығаруға шешім қабылдаған. Сондай-ақ, бұл бірінші және екінші бөлімді байланыстыру үшін жасалған.