Warner фильм студиясы кино саласында төңкеріс жасап, туындыларын бір уақытта онлайн және оффлайн форматында шығармақ. Кинотеатрға шыққан фильмдерді бірден HBO MAX сервисінен тамашалауға болады.
Мұндай шешімді Warner студиясы пандемияға байланысты көрермендер мен кинотеатрларды қолдау үшін қабылдаған.
АҚШ кинотеатрлары мен HBO Max сервисіне бірден шығатын фильмдер қатарына «Дюна», «Матрица 4», «Отряд самоубийц 2», «Клана Сопрано», «Тома и Джерри», Mortal Kombat, «Годзилла против Конга» туындылары кірген. Жаңа фильмдерді HBO Max сервисінен бір ай көлемінде көруге болады. Кейін оларды тек үлкен экраннан ғана тамашалауға болады.