Қазақстандық “Ұлы дала зары” фильмі “Оскарға” үміткерлер қатарында. Ашаршылық мәселесін көтерген туынды “Шет тіліндегі үздік фильм” номинацисына ұсынылған.
Фильм премьерасы биыл 7-9 қараша аралығында Лос-Анджелестегі Халықаралық Азия кинофестивалінде өткен. “Оскар” жеңімпаздары келесі жылғы 25-сәуірде белгілі болады.
“Ұлы даланың зары” — 1920-30 жылдары Қазақстандағы ашаршылық кезіндегі шынайы тарихи оқиғаға негізделген фильм. Туынды режисері — Марина Кунарова, продюсері — Ернар Мәліков.
Айта кетсек, “Ұлы даланың зары” туындысы “Алтын глобус” сыйлығының “Шет тіліндегі үздік фильм” санатындағы лоң-листке кірген.
“Ұлы даланың зары” толықметрлі көркем фильмін www.cinexus.kz. онлайн кинотеатрынан көруге болады.