Netflix-тің жаңа деректі фильмінде 1990 жылдардың танымал жұлдызды жұптардың бірі — Дэвид Бекхэм мен Виктория Адамстың махаббаты жайында баянадалады. Сондай-ақ, фильмде футболшы Дэвид Бекхэмнің даңқ тұғырына шығуы көрсетіледі.
Деректі фильмге ерлі-зайыптылардың туған күндерінен бастап, алғашқы кездесулеріне дейінгі мұрағат материалдары енген. Сондай-ақ, фильмде Дэфид Бекхэмнің бүгіні де көрініс тапқан. Қазір ол — америкалық Inter Miami CF футбол клубының президенті және Ұлыбританиядағы Salford City футбол клубының ортақ иемденушілерінің бірі.
Викторияға келетін болсақ, ол туралы бұған дейін де бірнеше деректі фильм түсірілген: «Виктория құпиялары» (2000), «Виктория Бекхэм болу» (2002), «Нағыз Бекхэм» (2003), «Виктория Бекхэм — олардың етіктеріндегі бір миль» (2004) және «Виктория Бекхэм: Америкаға саяхат» (2007). Netflix-тің жаңа жобасында оның сән брендінің тарихы қамтыла ма, жоқ па, әлі хабарланған жоқ.