Режиссер Әділхан Ержановтың “Черный, черный человек” фильмі “Алтын глобус-2020” сыйлығының “Шет тіліндегі үздік фильм” номинациясындағы лоң-листке енді.
Отандық фильмнің әлемдік премьерасы 2019 жылғы 23 қыркүйекте Испанияда Сан-Себастьяндағы 67-ші Халықаралық кинофестивальде өтті. Әділхан Ержанов фильмдегі жұмысы үшін “Үздік режиссер” номинациясы бойынша “AsiaPacificScreenAwards -2019” азиялық “Оскарын” ұтты. Мұндай сыйлыққа ие болған алғашқы қазақстандық режиссер атанды.
Сондай-ақ, биыл картина “Сыншылар таңдауы” қазақстандық тәуелсіз кинопремиясының бірден 5 наградасын алды: “Үздік фильм-драма”, “Үздік режиссер”, “Үздік ер адам рөлі”, “Үздік әйел рөлі”, сондай-ақ «Үздік оператор жұмысы”.
Биыл “Алтын глобус” сыйлығының “Шет тіліндегі үздік фильм” номинациясында 77 елден 138 фильм қатысқалы жатыр. Бұған дейін Қазақстаннан “Ұлы дала зары” фильмі де ұсынылған еді.