Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

15 жылға созылған «Supernatural» телехикаясы өз мәресіне жетті

Алғашқы сериясы 2005 жылдың 13 қыркүйегінде шықты

by nazerke
08.11.2020
Reading Time: 1 min read

supernatural 15-маусымы Сурет: Amazon.com

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Алғашқы маусымы осыдан 15 жыл бұрын жарыққа шыққан “Supernatural” телехикаясының соңғы бөлім түсірілімі қыркүйек айында аяқталды. 15 маусымды аяқтайтын серия премьерасы 19 қараша күні көрермен назарына жол тартпақ. 

Supernatural — америкалық продюсер Эрик Крипкенің түсірген фэнтези жанрындағы телехикаясы. Тұсаукесері The WB телеарнасында 2005 жылдың 13 қыркүйегінде өткен. Америкалық актерлер Джаред Падалеки мен Дженсен Эклс телехикаяда ағайынды Сэм мен Дин Винчестерлердің рөлдерін сомдайды. 

Телехикая ағайындылардың тылсым күштер, елестер және басқа да зұлым рухтармен күресі туралы баяндайды. Сериал желісі бойынша, екеуі қалалық аңыздар мен фольклорға негізделген паранормальды оқиғаларды зерттейді.

Телехикаяға 15 жылын арнаған Джаред Падалеки мен Дженсен Эклс басқа түсірілімдерге шақырту алып үлгеріпті. Бірақ, бірге жұмыс істеп үйреніп қалған әртістердің шығармашылық жолы енді екіге бөлінді. Эклс «Жігіттер» телехикаясының үшінші маусымына түссе, Падалеки «Мықты Уокер» телехикаясындағы басты рөлді сомдамақ.

Күні бүгінге дейін “Supernatural” телехикаясы телевизия саласындағы 14 сыйлытың иесі атанып, көрерменнен жоғары бағасын алды. Олардың 95% телехикаяны ұнатқандығын айтады.

Tags: supernaturalДжаред ПадалекиДженсон ЭклзсверхъестественноесериалтелехикаяТылсым дүние

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС