Актердің қандай рөлді сомдағаны әлі белгісіз. Бұл туралы фильм режиссері Джеймс Ганн хабарлаған болатын.
“Маған досым Сильвестр Сталлонемен жұмыс істеген ұнайды. Сол тұрғыда, бұл жолғы “Отряд самоубийц” түсірілімі де керемет өтті. Атақты киножұлдыз болғанымен, оның шын мәнінде қандай ғажап актер екенін көпшілік әлі күнге дейін дұрыс біле бермейді”, – дейді режиссер Instagram парақшасында.
Сильвестр Сталлоне де фильм туралы пост жариялады. Бірақ, Джеймс Ганн да, актердің өзі де қандай рөл сомдағанын айтпады.