13 қараша күні Мәскеу сотына “Цой” фильмінің режиссері Алексей Учительдің үстінен арыз түскен. Аты аңызға айналған әншінің ұлы Александр Цой әкесі туралы туындының көрсетілімін сот арқылы тоқтатпақ.

Александрдің пікірінше, фильм режиссері картинада Виктор Цойдың бейнесін орынсыз қолданған. Әнші мұрагерінің қарсылығына қарамастан “Цой” туындысы прокатқа жоспарланған уақыттан ерте — 12 қарашада шығып қойған.

Қыркүйекте Александр Цой фильм түсіріліміне қарсылығын білдіріп, Владимир Путинге хат жазған . Мұнысынан еш нәтиже шықпаған соң, Мәдениет министрлігі оған сотқа жүгінуге кеңес берген. Арыз қабылданғанымен, сот отырысының қашан өтетіні белгісіз.