22 қарашада Лос-Анджелесте American Music Awards-2020-ның марапаттау рәсімі өтті.
Ресми мәліметке сүйенсек, марапаттар саны бойынша биыл Дэн + Шей, Джастин Бибер, Тейлор Свифт және The Weeknd көш бастады.
«Жыл әртісі» номинациясында әнші Тейлор Свифт үздік атанды. Сондай-ақ, ол American Music Awards тарихындағы ең көп марапатты иемденіп, рекорд орнатты. Әншінің қоржынында 32 марапат бар.
30 жастағы Тейлор Свифт — 10 Grammy және 32 American Music Awards сыйлығының иегері. 2019 жылы Forbes журналы оны жылдың ең жоғары жалақы алатын әншісі деп атаған. Свифтің табысы 185 миллион долларға бағаланды.