Мәскеудің Преснен соты Александр Цойдың “Цой” фильмі режиссері Алексей Учительдің үстінен жазған арызын қарастырудан бас тартты.
Виктор Цойдың ұлы фильмдегі әкесінің бейнесі бар кадрларды алып тастауды талап етіп, сотқа арызданған болатын. Айтуынша, фильм режиссерінің Виктор Цой бейнесін қолдануға құқығы жоқ.
“21 қарашада Александр Цойдың арызын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды”, – дейді Преснен сотының баспасөз қызметі.
Алексей Учительдің “Цой” фильмі 12 қарашада жарыққа шықты. Туындыда Виктор Цойдың өзі қайтыс болатын күні рок-музыкант “москвич” көлігімен соққан автобус жүргізушісінің оқиғасы баяндалады.