Дыбыс жазу өнері және ғылымы Американ ұлттық академиясы “Грэмми” номинанттарының тізімін жариялады. Биыл орындаушылар 83 номинация бойынша анықталады.
Бейонсе соның сегізіне ұсынылған. Олар: “Жыл жазбасы”, “Жыл әні”, “Ең үздік R&B орындаушы”, “Ең үздік R&B ән”, “Ең үздік рэп орындаушы”, “Ең үздік рэп-композиция”, “Ең үздік музыка видеосы”, “Ең үздік музыка фильмі”.
Алты номинацияға ұсынылған Тейлор Свифт, Дуа Липа және рэпер Roddy Ricch Бейонседан кейінгі екінші орынға жайғасты. Билли Айлиш болса, биыл төрт номинациядан үмітті.
63-інші “Грэмми” салтанаты 2021 жылғы 31 қаңтарда өтеді. Жылдың басты музыкалық кешін Тревор Ноа жүргізеді.
Бұдан бұрын қазақстандық Иманбектің “Грэмми” номинанты атанғанын хабарлаған болатынбыз.