Ники Минаж, The Weeknd және Джастин Бибер сияқты танымал әншілер 31 қаңтарда өтетін Грэмми сыйлығын әділетсіз деп сынға алды.
Биыл әнші Бейонсе бірде-бір музыкалық альбом шығармаса да, ол сегіз номинацияға ұсынылған. Есесіне, осы жылы коммерциялық After Hours альбомын шығарып, бірнеше рет Billboard чартына енген The Weeknd-ке Грэмми сыйлығының бірде-бір номинациясынан үміткер атанбапты.
Грэмми сыйлығын ұйымдастырушыларды Ники Минаж да айыптады:
«Грэмми» ұйымдастырушылары мені «Жылдың ең үздік жаңа әртісі» номинациясында марапаттамағанын ешқашан ұмытпаспын. Сол кезде менің жеті әнім Billboard чартында үздік боп танылып, сатылымдар жағынан да соңғы онжылдықтағы кез-келген рэпер әйелді басып озған едім. Мен дүйім жұртты шабыттандырдым. Бұның орнына олар жеңісті Bon Iver-ге беріп жіберген еді”, — деді Ники Минаж twitter-де.
Әнші Джастин Бибер де «Грэмми-2021» номинациясының тізіміне наразылығын білдірді. Ұлттық академия музыкантты төрт номинациядан үміткер еткеніне қарамастан, ол өзінің соңғы альбомы R&B емес, поп ретінде бағаланғанына наразы болды.
Бұған дейін, сондай-ақ, қазақстандық Иманбек Зейкеновтың Грэмми сыйлығының «Үздік ремикс» номинациясына ұсынылғаны туралы айтқанбыз.