Әнші, актриса Шердың арқасында Исламабадтағы хайуанаттар бағында қанауға ұшыраған 35 жастағы Кааван есімді піл Камбоджадағы қорыққа көшірілді. Ветеринарлардың айтуынша, қор боп келген жануарға физикалық ем мен психологиялық көмек қажет.

Пілдің ауыр жағдайын әнші Шер 2016 жылы біліпті. Содан бері әртістің табиғатты қорғау қоры Каавананы босатуға мүдделі болған. Шер жалдаған заңгерлер тобы 2020 жылғы мамырда сотта жеңіске жетті. Пәкістанның Жоғарғы соты Кааванды босату туралы шешім шығарды.

Сот шешімін естіген Шер бұл оның өміріндегі ең ұлы сәттердің бірі екенін айтты.
Кааван — Пәкістандағы жалғыз Азия пілі. Оны Исламабадтағы хайуанаттар бағы өкілдері 20 жыл бойы тұмсығына қорап қыстырып, келушілерден ақша жинауға мәжбүрлеген. 2012 жылы қасындағы серігі өлген соң, Кааванның психологиялық жағдайы күрт төмендеп кеткен екен.