Жаңа видеоклип “Tagy bir toqsan” сериалының саундтрегіне түсірілді. Бұл сериалда Мади Рымбаев өзін композитор ретінде сынап көрген.
YouTube желісінде әр бөлімі миллионнан астам қаралым жинаған “Tagy bir toqsan” сериалының жалғасы видеоклипте көрініс тапқан.
Айта кетсек, сериалдың интро бөлімінде де Мадидің “TBT” әні қолданылады.
Бұған дейін Мади Рымбаев “Бір тоқсан” сериалындағы Анели рөліндегі Зухра Сайпимен бірге бейнеклип түсірген болатын.