Қазақстандық Muzzone телеаранасының дәстүрлі Eurasian Music Awards (ЕМА) премиясына үміткерлерге дауыс беру басталды.
Осымен 9-шы рет ұйымдастырылып отырған шара биыл пандемияға байланысты мараппатау рәсімін көрермендерсіз өткізбек. Бірақ жұлдыздар үшін қызыл кілем төселіп, марапаттау шоу-бағдарламалары болады.
Дауыс берудің 1-ші кезеңі 20 желтоқсанға дейін жалғасады. Әр номинациядағы үздік үштік анықталмақ. Олардың арасындағы жеңімпазды таңдауға бағытталған дауыс беру 21-27 желтоқсан аралығында өтеді.
28 желтоқсанда Muzzone телеарнасының тікелей эфирінде “ЕМА 2020” жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.