КешYou тобының экс-солисі Балжан Бидаш пен танымал актер, блогер Жахан Отарғалиев некесін қиды. Бұл жаңалықты жұлдыздар Instagram желісінде хабарлады.
“Енді ресми түрде құттықтасаңыздар болады! Пранк емес. Ыстамбұл бізді табыстырды. Алла некемізді мәңгілік еткей”, — деді Балжан Бидаш.
Бұған дейін оқырмандар Стамбұлда бірге жүрген жұлдыздардың жақын қарым-қатынасын байқаған. Алайда ол кезде екеуі де ол қауесетті жоққа шығарған еді.
“Мен Жахан ағама қыз іздеп жүрсем, елде Балжанға сөз салыпты деген өсек тарап жатыр екен. Ай, ойдан жаңалық шығаруды қашан қоямыз?Жақсы, оны қойшы, маған срочно жеңге керек”, — деп Бидаш, тіпті, Жаханға қыз іздеп жүргенін айтқан.
Ал Жахан Отарғалиев екеуінің дос екенін айтып, ағынан жарылды.
“Балжан екеуміз бірден келістік, біз доспыз, кәдімгідей доспыз. Болды. Қоса берменіздер, сіздер қосқан сайын мен қосылмай қала берем”, — деді актер.
Күні бүгін жұлдыздар сырға салу, құдалық, ұзатудан түскен суреттерін жариялап, қуанышты жаңалығын оқырмандарымен бөлісті. Жаханның сөзінше, карантин біткеннен кейін алда үлкен той болмақ.