Танымал американ рэпер Ice cube-тың жаңа шыққан видеоклипіндегі анимациясын қазақстандықтар салған.
Бауыржан Оразбаев және оның командасы Ice Cube-тың “Can you dig it?” әніне анимациялық видеоклип жасап шығарған. Оның сөзінше, видеоны атақты рэпер Snoop dog та ұнатқан.
Айта кетсек, 51 жастағы Ice Cube — ганста-рэптің негізін салушы танымал рэперлердің бірі.
Жаңа видеоклипті 370 мыңға жуық адам қарап, 36 мыңы лайк басқан.