Кейінгі кезде әнші Ерке Есмахан мен Ninety one тобының экс-рэпері AZ жақын қарым-қатынаста екені жиі айтылып жүр. Жанкүйерлері екеуін бірге Дубайда демалып жүргенін көрген. Желіде қос жұлдыздың мына суреті қызу талқыға түсті:

Өз кезегінде, 36 жастағы Ерке Есмахан Instagram-да Дубайға отбасымен қыдырып барғаны туралы жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 жастағы AZ болса, жақында Instagram парақшасын өшіріп тастапты. Ол Дубайда жүргенін өзі айтпаса да, жанкүйерлерінің бірі сыртынан суретке түсіріп алған.

Бұған дейін жұлдыздардың Instagram stories-нан футбол ойынын бірге көргені туралы болжамдар айтылып жүрді. Себебі, екеуі де stories-ті бір ракурстан түсірген. Сондай-ақ, Ерке Есмахан Instagram-да “Жаным soul” деген жазбамен stories жариялап, Азамат Зенкаевты тегтеген. Әзірге жұлдыздар бұл туралы пікір білдірмеді.
