Қазақстандық Ирина Кайратовна тобының “13 выпуск” атты дебюттік альбомы жарыққа шықты. Бұл туралы жігіттер өздерінің Instagram парақшаларында хабарлады.
Жаңа альбомға жалпы саны 20 трек кірген. Дебюттік альбомда Ирина Кайратовнаның Hiro, Қайрат Нұртас сияқты отандық әнші, рэперлермен бірге айтқан тректері де бар.
Ирина Кайратовнаның шығу тарихына келсек, әзілкештер тобы әуелі Instagram-ға скетч түсіруден бастаған. Кейін ютуб-шоу форматына ауысып, миллиондаған қаралым жинайтын болды. Қазір, қатысушылар музыкамен де айналысады. Әндері ТМД елдерінде кең танымалдыққа ие.
«13 выпуск» альбомы — топ мүшелерінің жаңа даму бағыты туралы мәлімдемесі. Альбомды барлық музыкалық платформалардан тыңдауға болады.