25 қазанда рэп-орындаушы Дрейк “Certified Lover Boy” атты алтыншы альбомы шығатын күнді жариялады. Премьерасы қаңтарға жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, маңызды дата қарсаңында ол Nike-пен бірге мерч дайындаған екен. Альбом атауы айтып тұрғандай романтика . Сол үшін де, топтамада қызғылт және қара түсті жылтыр жүректері бар бомберлер бар, Олар алғаш Laugh Now Cry Later клипінде көрсетілген еді. Сондай-ақ, CLB каллиграфиялық монограммасы бар сұр, қара худи мен қызыл жүрекпен қапталған Nike логотипті шұлықтар да сатылымға шығады.
Ал топтамадағы негізгі мерч — қызыл далап ізі қалған ақ кепка. Оны қазір рэп орындаушысының ресми сайтынан табуға болады.
Дрейк — канадалық рэпер, продюсер және актер, OVO Sound музыкалық лейблінің негізін қалаушы және “Грэммидің” үш дүркін иегері. Өнер иесінің қоржынында бес студиялық альбомы бар.