“Масло черного тмина” деген лақап атпен танылған қазақстандық рэпер “Неведомый мир” әніне видеоклип түсірді. Режиссері — Айсұлтан Сейітов.
“Неведомый мир” трегі — музыканттың биылғы алғашқы жұмысы екен. Танымал клипмейкер Айсұлтан Сейітов пен оның Qara командасы видеоклипті ақ-қара түсті етіп түсірген. Видеотуынды мұнайшылар туралы. Көрермендер клипте 1985 жылы Теңіз мұнай-газ кен орнындағы апат көрсетілгенін айтып жатыр.
“Әдеттегідей, мағынаға толы клип. Қазақстанда 1985 жылы болған “Теңіз” кен орнының №37 ұңғымасындағы апат. Жалын биіктігі сонда 200 метрге жеткен еді. Видеоклип соңында қалған бір адам арқылы да авторлар сол кездегі төтенше жағдайдың жалғыз құрбанын көрсеткен”, — деп пікір қалдырғандар бар.