правТимати, Егор Крид және Джиган Rolls Royce әніне клип түсірді. Бұл Black Star лейблінің бұрынғы мүшелерінің түсірген алғашқы бейнейнебаяны. Ең үлкен тосынсыйды авторлар бес минуттық видеоның соңына қалдырыпты. Кадрда күтпеген жерден Сергей Безруков пайда болады. Әртіс көпке белгілі рөлдерінің бірі — «Бригада» телехикаясындағы Саша Белый образында шығады. Безруковтың 2000-шы жылдары шыққан бандиттік сериал кейіпкері бейнесі интернет қолданушыларын қатты қуантты.
Бір қызығы, жақында Сергей Безруков “Саша Белый” бейнесінде экрандарға оралу жоспарында жоқтығын мәлімдеген. Актер 2010 жылы Денис Алексеев түсірген сериалдың толықметражды жалғасына да түспепті. Нәтижесінде, ол рөлді дублер атқарған.
Осы жылдың қыркүйегінде «Известия» басылымына берген сұхбатында Сергей Безруков бұдан былай Саша Белыйды ойнамайтынын тағы бір рет қайталаған болатын. Алайда Тимати, Егор Крид және Джиган Сергей Безруковты клипке түсіруге көндіріпті. Актердің түсірілімге қалай келіскені белгісіз. Қалай болғанда да, бейнебаян бір тәуліктен аз уақытта YouTube-те миллионнан астам қаралым жинаған.