Халық аспаптарын замануи әнмен ұштастырған The Buhars жаңа мультижанрлы музыкалық жобаның премьерасы өтті. Шығармашылық топ кішігірім альбомын жарыққа шығарды.
Альбом үш әннен тұрады:
The Buhars feat. jeltoksan. — Теңіз
The Buhars feat. me and my invisible orchestra — Үндеме
The Buhars Feat. Asylllum, Yerlan Baybazarov — Новый Мир
Әндерден шертер, шаңқобыз, домбыра, жетіген секілді халық аспаптарының үнін естуге болады.
“Оның негізгі мақсаты – қазақ ұлттық аспаптарының саналуандылығын қайта қолданысқа енгізу, олардың қазіргі замандағы дыбысталуын зерттеу, сондай-ақ біз тұрып жатқан уақытты белгілеу”, — деп жазды жоба авторлары Instagram парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
The Buhars құрамында Buhar Jerreau тобының экс-қатысушылары Шоқан Нукушев, Эмиль Досов, сондай-ақ Наргиз Шукенова бар. Жаңа альбомдағы тректерді орындауға asylllum, Yerlan Baybazarov, Jeltoksan, me and my invisible orchestra сияқты тәуелсіз музыканттар да қатысқан.