Жаңа жыл қарсаңында Ninety one тобы 2 сағаттық онлайн шоу-концерт өткізді. Ерекшелігі сол — топтық жұмысынан бөлек, жігіттер биыл жанкүйерлерін жеке шығармашылығымен де көптеп қуантты.
Шоуда жұрт көптен күткен ән — Ирина Кайратовна тобымен бірге шығарылған “Тaboo” туындысы алғаш рет орындалды. Сондай-ақ Oinamaqo әніне түсірілген видеоклип премьерасы да өтті.
Ninety one бұл концертті “Қазақстандағы онлайн-концерт ұғымын өзгертетін жаңа форматтағы 360° шоу” деп атады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram