Қазақстандық әнші Mona Songs “Салют вера” каверінің толық нұсқасын шығаруға келісімшартқа отырды. Бұл қуанышты жаңалығын әнші Instagram-да бөлісті. Әннің толық нұсқасы 25 желтоқсанда шығады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Mona Songs танымал Ресей әртісі Валерий Меладзенің 10 жыл бұрынғы “Салют Вера” хит әніне кавер жазып, желіде танымал болды. Youtubе желісіне жүктелген бұл видео 1,7 млн рет көрілген.
Айта кетсек, каверді ұнатқандар орындаушыдан толық нұсқасын шығарғанын өтінген. Mona Songs болса, жанкүйерлеріне бұлүшін авторлық құқық болу керегін, соны шешудің жолдарын қарастырып жатқанын айтқан. Бірақ жақында әнші Instagram-да оның каверін басқа біреу музыкалық алаңдарға заңсыз жүктегенін мәлім етті. Сондықтан да, тыңдармандарынан сол хабарламаны бөлісуді өтініп, қолдау сұраған.