Әнші Димаш Құдайбергенов көзіне маска таққан бейтаныс қызбен қол ұстасып тұрған суретін жариялап, тыңдармандарын қызықтырып қойды.
Суреттің астына Димаш «Баршаңызға сәтті күн! Сені қуантқым келеді, күт» деген жазба қалдырған.
Бұған дейін өзінің жеке өмірімен бөліспеген 26-жастағы Димаш жанкүйерлерін таңқалдырды. Олар сенер сенбестерін білмей әлек. Бірі Димашқа бақыт тілесе, енді бірі қорқытпауын сұрап жатыр.
Өздерін «Dears» атайтын Димаш Құдайбергеновтың жанкүйерлері «бұл жаңадан шығайын деп жатқан бейнебаянға түскен қыз» деген болжамдарын да жазып жатыр. Әзірге жас әнші бұл туралы ресми мәлімдеме бермеді.