Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Отандық жұлдыздардың тойдан табысы қандай? Пандемиядан кейін қалай өзгерді?

Спойлер: пандемия кезіндегі шектеулер мен қыс кезінде тойдың аз болатыны жұлдыздарды әдеттегі сұрайтын соммасынан азырақ сұрауға мәжбүр қылып отыр

by Opa Media
29.01.2021
Reading Time: 1 min read

Фото: @toregalitoreali/instagram

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Отандық эстрада жұлдыздары үшін негізгі табыс көзінің бірі — той. Бұл ешкімге құпия да емес. Алайда әлемдік пандемияға байланысты мерекелік шаралар ұйымдастыруға қойылған шектеулер өнер адамдарының қалтасын біраз жұқартты. Осы орайда opa.kz эстрада жұлдыздарының пандемияға дейінгі және қазіргі тойға шығу гонорарын салыстырып көрді. 

Ескерту: көрсетілген бағалар Алматы қаласына арналған. Басқа қалаларға барып-қайту жолына, қонақүйіне  бөлек төленеді. 

Абай Бегей 

Фото:
@abai_begei/instagram

Тойдан жиі көруге болатын әншілердің бірі — Абай Бегей. Оның “Аспанға қараймын” әні кез келген тойдың плэйлисінде бар. Әншінің тойға шығу бағасы біршама арзандағанына қарағанда, пандемия Абайдың бюджетіне қатты әсер еткен көрінеді. Шақырылған мерекелік кеште әнші қазір 3 ән орындайды екен. Халық сұрап жатса, қосымша ән айтуға дайын. 

Гонорары:

Бұрын  — 1 млн тенге (АҚШ долларының қазіргі курсымен есептегенде — 2,4 мың $) 

Қазір — 150 мың теңге (360 $) 

Қайрат Әділгерей 

Фото:
@kairat_adilgerey/instagram

“Әзіл әлемі” әзіл-ысқақ театрының мүшесі, кино актері Қайрат Әділгерей асабалығымен де танымал. Біраз белгілі адамдардың тойын жүргізсе де, гонорары қымбат емес асабалар қатарында. Сол себепті жұмысына сұрайтын соммасы да өзгермеген. Айта кетерлігі, Қайрат Әділгерей музыканттар мен бишілерді өзімен бірге алып келе алады. 

Тойды жүргізу бағасы тұрақты — 500 мың теңге. 

 Әбдіжаппар Әлқожа 

Фото: @abdizhappar_alkozha/instagram

“Оригиналсың” деп әндетіп жүрген Әбдіжаппар Әлқожаның гонорары пандемияға байланысты 2 есе зайған. Бір тойда 4 ән орындайды. 

Гонорары: 

Бұрын — 4 мың $

Қазір  — 2 мың $

Жазира мен Жанболат 

Фото: @zhazira_bairbekova/instagram

Талай қыздарды ұзатқан Жазира Байырбекова мен жары Жанболат шақырылған тойға бастан аяқ қатысады екен. Жазира той басында қызды көпшілік алдына алып кіреді,той соңында ұзатып шығарып салады. Осы аралықта жұлдыз жұп 5-6 ән орындайды. Бір тойға сұрайтын гонорары пандемия кезінде де өзгермеген, тек жеңілдіктер қарастыра алады. 

Гонорар құны — 1 млн теңге (2,4 мың $)

Нұрболат Абдуллин

Фото:
@nurbullin/instagram

Тойдағы “Сен қорқақсың” хит әнінің авторы Нұрболат Абдуллин де гонорары жоғары жұлдыздар қатарында. Әнші бір тойда 4-5 әнге дейін орындай алады. Абдуллиннің пандемияға дейінгі сұрайтын бағасы қазір 2,5 есеге арзандаған. 

Бұрын — 6 мың $ 

Қазір — 1 млн теңге (2,4 мың $)  

Төреғали Төреәлі 

Фото:
@toregalitoreali/instagram

Тойда сұранысқа ие әншілердің бірі — Төреғали Төреәлі. Жарыққа шығарған әр әні тойда хит болып жатады. Десе де, қазіргі шектеулер оның Ұлы дала баласы екеніне де қарамапты. Әншінің гонорары да әсер етпей қоймаған. 

Гонорары: 

Бұрын — 7 мың $ — 8 ән

Қазір — 1 млн теңге (2,4 мың $) — 4 ән 

Бүркіт пен Аиша 

Фото:
@aisha_vee/instagram

Жұлдыз жұп Бүркіт пен Аишаны тойға шақыратындар қалтасы біраз жұқаратынына дайын болатын. Себебі ерлі-зайыптылар қымбат әншілер қатарында. Бірақ қазір жұп бұрынғы бағасының жарты құнына да келеді екен. 4-5 ән шырқай алады. 

Гонорары: 

Бұрын -7 мың $

Қазір — 3 мың $

Қарақат Әбілдина 

Фото: @karakat_a/instagram

Қыз ұзатудан отандық нәзік жандылар арасындағы чемпион Қарақат Әбілдинаның бағасы әлі де шарықтап тұр. Қазіргі репертуары да қызды құтты орнына шығарып салуға арналған әндерден тұрады. Қарақат та тойдың бас-аяғына дейін болады. Қызды ортаға алып шығып, арасында 4-5 ән орындап, ұзатып шығарып салады. 

Гонорары: 

Бұрын — 7 мың $

Қазір — 5 мың $

 

Tags: Абай БегейӘбдіжаппар ӘлқожаӘзіл әлемігонорарЖанболат пен Жазиражұлдыздардың табысыҚайрат ӘділгерейҚарақат ӘбілдинаНұрболат АбдуллинТой бизнесТөреғали Төреәлішоу бизнес

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС