Айсұлтан мен Масло Черного Тминаның “Неведомый мир” (Белгісіз әлем) клипі BOOOOOOOM TV премиясының “2020 жылғы ең үздік музыкалық видеоклипі” атанды, деп хабарлайды thehasper.
“Белгісіз әлем” видеоклипі авторлары ойға кіріп шықпайтын бейнелерді асқан салматылықпен үйлестірген.Cебебі қараңғы визуализация өткен ғасырда посткеңестік елдер бастан кешкен мұнай шахталарының апат мәселесін көтереді”, — деп жазды премия редакторлары.
BOOOOOOOM TV — Канададағы үздік видеоклиптер пен фильмдерді іріктейтін платформа. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі режиссерлар мұнда өз жұмысын жібереді. 2019 жылдан бастап платформа жыл қорытындысын шығарып, үздік видео жұмыстарды таңдауға кіріскен.
Бұған дейін Масло Черного Тмина Айсұлтанмен бірге “Неведомый мир” клипін шығарғаны туралы жазған едік.