Канадалық инди-рок тобы «Generation A» деген жаңа әнін таныстырды. Бұл олардың үш жыл үзілістен кейінгі алғашқы шығармасы. 2020 жылғы сәуірде музыканттар жаңа пластинканың жақын арада шықпайтынын айтқан. Дегенмен, араға аз уақыт салып, топтың жаңа әні шықты. Орындаушылардың айтуынша, жаңа туындыны шығарарда, олар Америкадағы қазіргі саяси жағдайдан шабыттанған екен.
Қараша айында Arcade Fire тобы президент сайлауының дауыс берушілеріне плейлист ұсынған болатын. Ал сайлауы болған күні топ Стивен Кольберттің «Election night 2020» кешінің қонағы болды.