Therefore I Am әнінің бейнебаянын Биллидің өзі түсірген. Клипке әншінің ағасы Финнеас О’Коннелл продюсерлік етіпті.
Жаңа бейнебаян желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік ролик сюжеті мен ән мағынасы Биллидің хейтерлерге жауабы деген ойда.
Бейнебаянда әнші фаст фуд жеп, бос сауда орталығының ішінде жүгіріп жүреді. Бұдан бұрны желі қолданушылары Билли Айлишті карантин кезінде толыпи кеткені үшін сынға алған болатын.
18 жастағы жас талант Therefore I Am туындысын 2022 жылғы қарашада American Music Awards премиясына орындайды. Туынды 2 номинация бойынша жүлдеге ұсынылып отыр.