Дәстүрлі халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан Қарақат Башанова өнер көрсететіні белгілі болды. Сайыста жас әнші “Forever” әнін орындайды. Қазір Қарақат байқауға қызу дайындық үстінде. Дайындық барысымен ол Instagram парақшасында үнемі бөлісіп тұрады.
Байқаудың гранд-финалы пандемияға байланысты 29 қарашада телекөпір арқылы онлайн өтеді.
Junior Eurovision-2020 — 13 елдің жас орындаушысы сынға түсетін үлкен дода. Байқау қатысушыларына онлайн дауыс беру гранд-финалдан бір күн бұрын басталады.