Ресейлік танымал әнші Валерий Меладзе әртістерді жаңа жылдық бағдарламалар түсірілімінен бас тартуға шақырды. Әнші пандемия кезінде жұмыссыз қалған мәдениет қызметкерлерінің мәселесіне назар аударту мақсатында, instagram-да үндеу жариялады.
Ресейде концерт, қойылым және басқа да бұқаралық шаралар өткізуге 15 қаңтарға дейін шектеу қойылды. Меладзенің сөзіне сүйенсек, пандемия басталғалы 8 айдан бері өнер адамдары табыссыз отыр. Әнші әртістердің жұмыссыз қалғаны ешкімді алаңдатпайтынына қапалы.
“Менің ойымша, әртістің бәрі жаңа жылдық бағдарламалардан бас тартуы тиіс. Мүмкін, сонда ғана он мыңнан астам адамның бірнеше ай бойы жұмыссыз отырғаны байқалар ”, — деді Валерий Меладзе.
Меладзе жаңа жылда ойын-сауық бағдарламаларын тек теледидардан көруден басқа амалдың жоғын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram