Британ рэп орындаушылары Knucks пен Loyle Carner & Venna өзінің жаңа әнінде Қазақстанды атап өтті. Ән «I stand out like a black man in Kazakhstan» деп басталады. Мағынасы — «Мен Қазақстандағы қара нәсілді сияқты көзге түсем».
Әннің Youtube-тегі бейнебаяны 300 мыңға жуық қаралым жинаған. Туындыны ұнатып, пікір қалдырғандар аз емес.
Олардың ішінде: “Қазақстан туралы бір ауыз сөз айтса, қаралым саны бірден артарын олар (Knucks және Loyle Carner & Venna) жақсы түсінеді. Біз, қазақтар, жұрттың біз жайлы айтқанын жақсы көреміз ғой” , — дегендері де кездеседі.