Арбитраждық сот Юрий Шатуновтың арызын кері қайтарды. Ол “Ласковый май” тобының «Белые розы», «Детство», «Седая ночь» және тағы 17 әнін орындауға тиым салған сот шешімін өзгертуді өтінген.
Енді әндердің заңды иесі – “Честная музыка” компаниясы.
Үшінші шілдеде Юрий Шатунов сот шешімімен “Ласковый май” әндерін орындау құқығына ие болған. Алайда, топ продюсері Андрей Разиннің аппеляциялық өтінішінен соң соттың бұл шешімі күшін жойған. Разиннің хабарлауынша, соттың болатыны туралы ешкім хабарламаған, сондай-ақ, сот оның өзін де, әндердің заңды иесін де көрмеген.

Енді Юрий Шатунов “Ласковый май” тобының әндерін заңды иесінің рұқсатынсыз орындай алмайды.
Шатунов пен Андрей Разин арасындағы кикілжің өткен жылдың жазына басталған.
Андрей Разин “Ласковый майдың” хит әндерін енді Юрий Шатуновтың орындамайтынын айтып, өзінің жаңа әндерімен ғана өнер көрсететін мәлімдеген. Шатуновтың өзі болса, экс-продюсерінің айтқанын жоққа шығарып, оған танымалдық әкелген әндерден бас тартпайтынын айтқан болатын.