Алматылық 12 жасар әнші Давид Чарлин халықаралық Junior Eurovision 2022 байқауында 15-ші орын алды.
Байқауда «Жер-Ана» әнімен өнер көрсетті. Шығарма ағылшын және қазақ тілдерінде орындалды.
Ұлттық қазылар алқасының дауыс беруі және онлайн-дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан азаматы 47 ұпай жинап, 16 қатысушы елдің арасынан 15-орынға тұрақтады. Онлайн дауыс беруге 178 елдің тұрғындары қатысты.
«Junior Eurovision» байқауының жеңімпазы болып Францияның өкілі Лиссандро Oh Maman әнімен танылды. Ол 203 дауыс жинады. Екінші орында Армения (180 ұпай). Үздік үштікті Грузия аяқтады (161 ұпай).