Тоғыз метрлік мүсінді үй аумағын тазалау кезінде кездейсоқ тауып алған. Мүсіннің аяқ-қолы қатты зақымданған, ал басы мүлде жоқ. Көпқабатты үйде он шақты жыл тұрған адамдар мұндай үй тағаны туралы мүлде білмеген.
ХХ ғасырдың басында тұрғын үй орнында Будда храмы болған екен. 1987 жылы храмды қиратып, орнына көпқабатты үй салған. Мүсіннің басы сол кезде сүрілген болуы мүмкін деген ақпарат бар.
Жергілікті мәдени мұра департаменті арнайы мамандар жіберіп, мүсінді қорғаудың жоспарын жасамақшы. Сарапшылардың хабарлауынша, мүсіннің аяғы мүжіліп кеткендіктен кез келген сәтте құлауы мүмкін.