Америка әншісі Лана Дель Рей новахо халқына көмектесетін қайырымдылық қорына 350 мың доллар аударды. Бұл туралы әнші өз Instagram парақшасында жариялады.
Бұл ақша әншінің «Violet Bent Backwards over the Grass» жинағының қаламақысы екені белгілі болды. Аударылған ақша бірнеше қауымдастықты ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалады. Әнші әлеуметтік осал топтарын сумен қамтамасыз етуге бағытталған Dig Deep Water жобасына қолдау көрсеткен.
Қыркүйектің соңында әнші «Violet Bent Backwards over the Grass» өлеңдер жинағы қыркүйектің соңында жарық көрген болатын. Орындаушы кітап шығарып қана қоймай, жинақтың аудио нұсқасын да жазып шықты. Ал қазанның ортасында «Let Me Love You Like a Woman» әнін шығарды. Трек 2021 жылғы жаңа студиялық альбомға кіреді деп жоспарланып отыр.