Чарли Дамелио TikTok желісінде танымал әндерге билеп, ролик түсіріп атақты болған. The Verge басылымының хабарлауынша, 16 жастағы блогер 100 млн фоллоуерді рекорд уақыт — 1,5 жылда жинаған. Салыстырмалы түрде швед блогері PewDiePie-ды алсақ, ол YouTube каналына 100 млн жазылушыны жинау үшін 9 жыл жұмыс істеген.
@charlidamelio #duet with @charlidamelio
Дамелио бұдан ертерек те рекордсмен атануы мүмкін еді, алайда оның YouTube-қа жүктеген видеосы өзіне кері әсерін тигізген. Көпшілік наразылығына отбасылық кешкі ас барысын түсірген Дамелионың бас аспазға құрметсіздік танытқаны мен жазылушыларына деген қарым-қатынасы әсер еткен. “Қазіргі фоллоуерлеріңіз аз ба?” деген сауалға жазылушылар санын 100 млн-ға жеткізуді жоспарлаған блогер “Мен тек дөңгелек сандарды есептеймін” деп жауап берген. Салдарынан, тиктокер бір миллиондай фоллоуерінен айырылды.