Apple компаниясының iPhone, iPad және басқа да гаджеттерінің дизайнын жасаған Apple компаниясының бас дизайнері Джонатан Айв өз бизнесін ашу үшін компаниядан кететінін хабарлады.
“Love From” жобасын іске қосылып, толыққанды іске қоспақшы. Компания калифорния штатында болады деп жоспарлауда. Джонатан Айв айтуынша: ол Apple-мен тығыз ынтымақтастықты жалғастырады, өйткені ол әлі де көптеген жобаларға қатысады және оларды қалдыра алмайды.
Ал, Apple компаниясының бас директоры Тим Кук Джоннимен жұмыс істеуді жалғастыратынын және оның командасының жұмысын жоғары бағалайтынын айтты.
Джонатан Айв Apple-де 20 жыл жұмыс істеді. Ол барлық маңызды дизайн жобаларын, соның ішінде дүкен интерьерін басқарды. Ол осы жылдың соңында Apple-ден кетеді. Айв өзінің “Love from” логотипінің астында компанияның жеке дизайнын құру ниеті туралы айтады.