Қазақстандық продюсер Иманбек Зейкеновтың Saint JHN «Roses (Imanbek Remix)» трегі «Грэмми»музыкалық сыйлығына ұсынылды.
Американың басты музыкалық премиясының қорытындысы 2021 жылғы 31 қаңтарда мәлім болады. Басқа номинацияларға Beyonce, Weeknd, Coldplay, Lady Gaga, Dua Lipa, Billie Eilish және т.б. танымал әртістер ұсынылған.
Иманбек Зейкенов — Павлодар облысының Ақсу қаласының тумасы, 20 жастағы музыкалық продюсер. Өткен жылдың желтоқсанына дейін жергілікті теміржол стансасында дабыл беруші болып жұмыс істеген.
2019 жылдың жазында Иманбек рэпер Saint JHN-ның Roses трегіне би ремиксін жасап шығарды. Туынды алғашында ТМД елдерінде танылып, кейін әлемдік чарттарда үздіктердің қатарына енді.