Жақында Marvel «Кек алушылар», «Икс адамдар» және «Мәңгілік» комикс кроссоверін шығаратыны белгілі болды. Компания Twitter-де «Сот күні» (Judgment Day) деп аталатын жаңа жобаның тизерін жариялады.
Judgment Day is coming. Summer 2022. pic.twitter.com/w7Owx8BYPt
— Marvel Entertainment (@Marvel) December 27, 2021
Шағын бейнероликте эпостық музыкаға танымал командалардың эмблемалары көрсетілді. Жаңа жобаның егжей-тегжейлерін Marvel құпия ұстайды. Бірақ «Сот күні» киностудия кинобейімделуінің негізін қалауы әбден мүмкін.
Комикс кроссоверінің премьерасы 2022 жылдың жазында болады.