2022 жылғы Олимпиада ойындарында Қытай атынан өнер көрсеткен этникалық қазақ, коньки тебуші Ақнәр Ардаққызы ана тілінде сұхбат берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын. Мен бүгін өзім үшін жақсы нәтиже көрсеттім.Мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келдім. 11 жастан бастап коньки тебемін. Менің отбасым қазір теледидардан менің қойылымымды көріп отыр. Мұнда Қазақстаннан келген көп жақсы достарым бар», — деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін ол Бейжіңдегі ойындарда жанкүйерлерін өзінің сұлулығымен баурап алған болатын.