Salem social media компаниясы құмар ойындар туралы жаңа веб-сериал шығарды. Жобада құмар ойыншылардың өміріндегі оқиғаларды және қауіпті хоббидің салдарын ашып көрсетеді.
Басты рөлді сомдайтын Әбілмансұр Серіковтың кейіпкері Данияр есімді жігіттің өмірі баяндалады. Оның жұмысы, отбасы, мансабы, махаббаты бәрі болады. Бір күні досы оны құмар ойынға ақша тіккізеді. Ол сол ойыннан жеңген соң, осы жолға түсіп кеткенін байқамайды. Данияр үлкен жүлдені жеңіп аламын деген сеніммен өмір сүреді.
Құмар ойыншыларының өмірі туралы жобаны дайындау үшін қандай қадамдарға барғаны жайлы идея авторы Ілияс Кулканов айтып берді: “Құмар ойыны туралы білу үшін Salem командасы мұқият әрі тыңғылықты ізденіс жұмыстарын жүргізді. Себебі тақырыпты зерттеуге үш ай, жазуға алты ай уақыт жұмысадық. Біз үшін құмар ойынға енген адам өмірі мен одан шыққанан кейінгі аралықтағы контрасты көрсету маңызды болды. Құмар ойынға тәуелді адам өз өмірін бақылауды тоқтап, ойын үшін бәрін беруге тырысады екен. Жобаны жасау барысында біз арнайы психологтармен кеңесіп отырдық”, — деді.
Басты рөлдерді: Әбілмансұр Серіков, Еркен Губашев, Әлішер Исмаилов, Әлихан Кәрібаев, Серік Салқынбаев, Лиза Серікова және Алтыншаш Шаяхметова сомдады.
Әбілмансұр Серіковтың айтуы бойынша: құмар ойынға тәуелді кейіпкерінің мінезін сомдау қиын болған. Өзінің жақын досы құмар ойындар ойнап қалай қиналғанын және отбасына қалай қиын болғанын осы рөлі арқылы түсінгенін жеткізді.
Еске сала кетейік, жоба 3 наурыздан бастап Youtube және Aitube платформасында көрсетіледі. Сонымен қатар, “Ойыншы” веб-сериялы жас режиссер Диас Бертис үшін дебюттік жоба болмақ.