Режиссер Самғар Рақымның «Көше ақыны» атты қысқаметражды фильмі Нью-Йорктегі Meihodo International Youth visual Media Festival халықаралық кинофестивалінде күміс жүлдеге ие болды.
«Көше ақыны «- музыкалық бейне категориясындасындағы жүлдені алды. Сюжет Әкелер мен балалар арасындағы қарым-қатынас тақырыбына негізделген.
Биыл фестивальдің қазылар алқасының төрағасы атақты француз актрисасы «Оскардың» иегері Жюльет Бинош болды.
Сондай-ақ, қазылар алқасының құрамына «Оскардың» екі дүркін иегері, әйгілі американдық актер Майкл Дуглас кірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Meihodo халықаралық визуалды медиа кинофестивалі жас және жаңадан келген кинематографистерге арналған. Ол әлемдегі ең ірі қысқа метражды фильмдердің бірі және осы жылы оны ұйымдастырушылар NFT жеңімпаздарын криптовалютамен бірінші рет марапаттады.